Біздің тарихымыз

 

Біз – «ЭКА» Жасыл Қозғалысы ұйымдастарған Орманды қалпына келтіру бағдарламасының ұжымымыз. Біз орманды қалпына келтірумен айналысамыз, сонымен қатар басқа да көптеген экологиялық бастамаларды жүзеге асырамыз. 

Кезінде 2010 жылы Ресейде қорқынышты өрттер болған. Сол жылы күзде ЭКА Қозғалысының бастамасымен «Оттегі қажет!» ағаш отырғызу кампаниясы іске қосылған. Бағдарламаға 4 жыл бойы Faberlic әлеуметтік жауапты компания қаржылай қолдау көрсетті, соның арқасында Ресейдің 47 аймағында 10 млн ағаш отырғызылып, ЭКА белсенділерінің басшылығымен 5 000 мектепішілік тәлімбақтар құрылды. Бағдарлама мектепішілік тәлімбақтарды құрудан басталды, алайды соңғы жылдары орманды қалпына келтіруді қатты қажет ететін қала сыртындағы территорияларға жаппай ағаш отырғызуға күш жұмсалды.

2022 жылы жоба Қазақстанда іске қосылды. Неліктен дәл осында өсіруге шешім қабылдадық?

10 жыл ішінде ЭКА Қозғалысының жобалары сәтті жүзеге асырылып келеді және Ресейдегі тұтынушыларын «жасыл» істерімен әлі де қуантып келеді. Қазақстан – жинаған тәжірибемізді қолданып, орманды қалпына келтіруге шет елдік инвестицияларды тартуға және жергілікті мемлекеттік мекемелерді жұмылдыруға тамаша мүмкіндік. Оған қоса алдағы уақыттарда жобаларды бүкіл Орта Азияда жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, осыған орай Орманды қалпына келтіру жобасы жаңа географиялық нүкте мен үйді таңдады.

Төрт жылдан кейін Faberlic-пен жасаған серіктестік бағдарламамыз аяқталды, бірақ біз орманды қалпына келтіруді жалғастыруға шешім қабылдадық та, Орманды қалпына келтір немесе «Plant the Forest» халықтық қаржыландыру сервисін құрдық. 2015 жылдан бастап кез келген адам үйінен шықпай-ақ өз орманын отырғыза алады. Осы уақытқа дейін 6 мыңнан астам адам Ресейдің 23 аймағында 170 мыңнан аса ағашты отырғызуға қолдау көрсетті.

Экологиялық бастамаларға жеке қолдау көрсету үлгілерін дамытқымыз келеді. Себебі адамдар компаниялардан көп емес пе? Және бұл тіпті әлеуметтік жауапты бизнестің өзіне қоғамдық эко бағдарламаларға қолдау көрсету қиындық туғызатын экономикалық дағдарыс кезеңінде аса өзекті жағдай.

Орман тірі ағзаларды олардың ауа, топырақ және су сияқты құрамдастарын өзара байланыстыратын күрделі эко жүйе болып табылады. Жасыл өсімдіксіз адамзат  тез өлімге ұшырауы мүмкін. Балаларымыз әлемдегі сабақтастықты түсінгенін, табиғаттың бізге берген сыйларын аялау керектігін және оларсыз Жер шарында тіршілік жоқ екенін түсінгенін қалаймыз.

Келешек ұрпақ қазір бір көріп жүрген табиғаттың сұлулығын тамашалағанын қалаймыз! Өкінішке орай, Қызыл кітаптың беттері көбейе түсуде… Біздің негізгі бет алысымыз – бұл табиғатты сақтау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану!

Кейде бір ағаш жағдайды түзете алмайтын сияқты көрінгенімен, «көл тамшыдан құралатынын» ескеру керек.

Әрқайсыңыздың қосар үлесіңіз маңызды!

Жер бетінде таза ауа мен орман көп болуы үшін жобамызды қолдаңыз және достарыңызға бұл туралы айтыңыз!

Қазір жазылыңыз да, айына бір рет жобамыз, Қазақстандағы ормандар мен экология туралы қуанышты жаңалықтарды алыңыз