Заңды тұлғаларға

Заманауи өмірде корпоративті әлеуметтік жауапкершілік бизнестің жаңа филосиясы болып келе жатыр, осыған орай компаниялар өз салаларында тек қана табыс табуға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ізгілікке қол жеткізіп, экологиялық тепе-теңдекті қолдауға тырысады.

Plant the Forest  табиғатқа қамқорлық көрсететін және олардың әрекеттері экологиялық жауапты шара болуы маңызды компаниялармен бірлесіп жұмыс істейді. Компания қаражатын үнемдеп, беделін арттырады және қызметкерлердің ұжымдық рухын көтереді.

Жобаларымыз Ресейдің көптеген аймақтарында бар, қажет болған жағдайда бүкіл ел көлеміндегі шараларды өткізуге дайынбыз.

 

Біз не ұсынамыз:

Оттегілік ізіңіздің орнын толтырып, СО  бейтараптандыру сертификатын иеленесіз.

Есептегішпен мекемеңіздің оттегілік ізін есептеп, нәтижесін бізге хабарласаңыз жеткілікті. Біз оның орнын толтыру үшін қанша ағаш отырғызу керектігін есептеп береміз. Ағаштарды компанияңыздың қызметкерлері отырғызса да болады немесе PosadiLes еріктілеріне сеніп тапсыра аласыздар.

CO₂ шығару ізін кез келген кезеңге есептей аласыз, бірақ көмірқышқылын бейтараптандыру сертификатын алу үшін, бір жылдық деректерді енгізу керек.

Есептеу үшін мекемеңіздің сайтында жариянланған жалпыға қолжетімді деректерді енгізеніңіз маңызды.

Келісімшартқа қол қойып, ағаштарды отырғызған соң, өнімдеріңізде жариялауға болатын 1 жылға жарамды CO₂-бейтараптандыру сертификаты мен таңбасын береміз.

 

 

 

Пайдалы эко корпоратив

Кейінге кездері алдыңғы қатарлы компаниялар табиғатты сақтауға бағытталған игі істерді атқару үшін дәстүрлі корпоративтер мен копоративті сыйлықтардан бас тартып жатыр.
Нарықтағы көптеген қатысушылар құрып кеткен ормандарды қалпына келтіріп, жергілікті су қоймаларын тазарту үшін таза ауада тимбилдингтерді көптеп ұйымдастырып жатыр. Мұндай қадам ұжым ішіндегі байланысты нығайтып қана қоймай, компания бар аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға әркімнің үлес қосуына мүмкіндік береді.

 

Сыйлық сертификаттар

Қызметкерлеріңіз бен серіктестеріңіз үшін біздің жобамыздың сертификаттары нағыз тосынсый болмақ: олар осы уақытқа дейін нағыз орманды сыйлыққа алып көрмеген болар! Оларға орманды қалпына келтіру сияқты маңызды да, қайырымды іске қатысатынын білген ұнайтынына сенімдіміз. Ағаш сыйлау – таныстарыңыз бен жақындарыңыз үшін табиғатты сақтауға жасаған ұзақ мерзімді үлес. 

Сертификаттарды Plant the Forest сервисінің сайтынан сатып алуға болады.

Экоағарту ісі – жасыл болашаққа жасаған үлесіңіз

Орманның негізгі проблемаларының бірі – бұл саладағы жағдайды білмеу және ормандардың жойылуына немқұрайлы қарау. Экологиялық білім оны шешуге көмектеседі: балалар мен ересектерге орманның өмірімен егжей-тегжейлі танысу пайдалы. Ол үшін біздің серіктестеріміз – ЭКА қозғалысы – балаларды, жастарды және ересектерді экологиялық оқыту бойынша іс-шаралар кешенін өткізеді. Олардың арасында – әртүрлі тақырыптағы экосабақтар бар. «Орман» сабақтарын арнайы дайындықсыз кез келген адам өткізе алады. Қызықты ойын форматтарында орманның маңыздылығы мен оның қауіпті климаттық өзгерістерге бейімделуге қалай көмектесетінін айтуға болады, сондай-ақ оқушыларды ормандар мен қолайлы климатты сақтау әрекеттеріне үйретуге әрі шабыттандыруға болады.

Эко ағартудағы «Орман» саласын қолдағаныңыз жаңа сабақтар жасап, көбірек аудиторияны қамтуға көмектеседі. Нәтижесі ретінде көп қзамай шаруашылық пен табиғатты қорғауда негізгі рөл атқаратын экологиялық жауапкершілігі бар ұрпақты көреміз.

Сабақтардың мысалдары:
https://forestmania.info/kz.html

 

 

 

Ормандарды қалпына келтіруге қаражат жіберу

Егер сіздің ұйымыңыз көміртегі ізін өтеуге немесе корпоративтік орман отырғызуға ниетті болмаса, бірақ әлі де Ормандарды сақтау мен қалпына келтіруге өз үлесін қосқысы келсе, біз Қазақстанның әртүрлі аймақтарында ағаш отырғызуды ұйымдастыруға қайырымдылық жасауды ұсына аламыз. Әдетте, бұл ормандар өрттен, мұзды жаңбырдан немесе зиянкестерден зардап шеккен қала маңындағы аудандарда бір уақытта отырғызылатын 100 немесе одан да көп көшет. Еріктілер көшет отырғызу үшін Орман қызметкерлері арнайы дайындаған алаңдарға ағаш отырғызады, онда көшеттерге одан әрі күтім жасалады.

Барлық қосымша сұрақтарыңыз бойынша электронды поштасына planttheforest@eca-planet.com хабарласа аласыздар

Қазір жазылыңыз да, айына бір рет жобамыз, Қазақстандағы ормандар мен экология туралы қуанышты жаңалықтарды алыңыз