Жиі қойылатын сұрақтар

Сәлем! Біз, Plant the Forest жобасын жасаушылармыз, ағаш отырғызу сияқты жауапты жұмысты сеніп тапсырғаныңыз үшін алғыс айтамыз және бұл жобаның сіз үшін толықтай түсінікті және ашық болғанын қалаймыз. Бұл бетте біз сіздің сұрақтарыңызға жауап береміз.

Жоба туралы: біз кімбіз, не үшінжәне неге?

Plant the Forest жобасын кім және қашан жасады? Неліктен ол солай жобаланған?

Plant the Forest жобасының буыны әлі бекімеген.  Ол 2015 жылдың 5 қазанында «Generation Startup 2015» жалпыресейлік стартаптарды қолдаудың ең ірі бағдарламасының нәтижесінде іске қосылды, онда біз финалға өттік. Жобаның авторлары әртүрлі жобалардың еріктілері, жетекшілері және бүкілресейлік үйлестірушілері ретінде 7 жылдан астам табиғатты қорғау қызметімен айналысады, бұл идея ұзақ уақыт бойы пісіп жетілді және  миссиямызды бөлісетін IT және басқа салалардағы кәсіби мамандардың қолдауына ие бола отырып, жүзеге асырылды.

Менің ағашымды кім отырғызады?

ғаштарыңызды серіктестеріміз, ЭКА қозғалысының белсенділері отырғызады. Әрбір ағаш отырғызу шарасын осы қозғалыстың аймақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның аймақтық өкілі ұйымдастырып, үйлестіреді.

Неліктен біз ECA қозғалысымен бірге отырғызамыз?

ЭКА қозғалысы 2010 жылы құрылған. Сол жылдан бастап оның қоғамдық бағдараламаларының бірі – ағаш отырзығу.

Енді Plant the Forest жобасы мен ЭКА қозғалысының бірлесіп әрекет етуінің арқасында Қазақстандағы ормандарды қалпына келтіру мүмкіндігі пайда болды. Халықаралық ұжымымызда көптеген сарапшылар қызмет етеді: экологтар, менеджерлер, эко қорғаушы журналистер мен заңгерлер. Орталық Азияда етек жаю үшін тәжірибемізді қолданғымыз келеді.

Қазақстанда неліктен ағаш отырғызу керек?

  • Бір ағаш атмосферадан 10-20 кг көмірқышқыл газын сіңіреді.
  • Қалалы жерлерде температураны 7°C дейін төмендете алады.
  • Су тасқындары мен топырақтың ыдырауының алдын алады. 
  • Жабайы табиғатты қалпына келтіреді.
  • Топырақ пен судың жағдайын жақсартады.

Оған қоса, 2020 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев елді көгалдандыру керектігін айтып, 2025 жылдың соңына дейін екі миллиард ағаш отырғызуға тапсырма берді.

Ағаштар туралы: нені, қайда және қалай отырғызамыз?

Неге осында сома – ? Оған не кіреді?

Бұл соманың бір бөлігі ағаш отырғызуды ұйымдастыруға жұмсалады: көшеттерді сатып алу, тасымалдау, еріктілерге азық-түлік пен отырғызу кезіндегі құрал-жабдықтарды сатып алу.

Соманың басқа бөлігі жоба жұмысын ұйымдастыруға – қызметтің өзін жариялау, дамыту және жаңа функцияларды іске қосуға, жұмысты, салықтар мен төлемдерді жалпы үйлестіруге, сондай-ақ жобаны дамытуға жұмсалады.

Соманың 10% -ы ЭКА қозғалысының басқа да бағдарламаларын қолдауға жұмсалады, олардың арасында – эко сабақтар, әртүрлі қалалардағы қоғамдық заңнамалық қабылдаулар, қалдықтарды бөлек-бөлек жинау бағдарламасын дамыту және басқа да қоғамдық бастамалар бар.

Тек қаржылай емес көмектескіңіз келсе.

Ағашқа ақша төлеп қана қоймай, отырғызуға өзім де атсалысқым келсе ше?

Бұл өте жақсы! Отырғызупроцесі мен технологиясы туралы түсінік алу үшін біздің бейне және фото есептерді қараңыз.

Көріп отырғаныңыздай, ағаш отырғызу өте жауапты және оңай жұмыс емес 🙂

Дайынсыз ба? Онда  қосылыңыз. Әрбір отырғызу маусымының басында (көктем және күз) біздің сайтта отырғызу кестесін және аймақтық үйлестірушілердің байланыстарын таба аласыз. Орын таңдап, қатысу туралы мәліметтерді талқылау және барлық сұрақтарыңызды қою үшін үйлестірушіге хабарласыңыз.

Сайтта менің қалам немесе ауылым көрсетілмесе, бірақ мен ағаштарымның сонда отырғызылғанын қаласам не істеймін?

Өңірді «ашу» үшін және ол жерге отырғызу үшін бір мезетте 500 немесе одан да көп ағаш отырғызуға жеткілікті қаражат жинау керек. Жақында сайтта отырғызуәлі басталмаған аймақтар үшін «алдын ала тапсырыс беру» мүмкіндігі болады. Сіз отбасыңызбен және достарыңызбен бірігіп, тұратын жеріңізге жақын жерде орман отырғыза аласыз. Ал сіз бұл аймақты басқаларға «ашатын» адам боласыз!

Мен өз өңірімде көп жылдар бойы орманды қалпына келтірумен айналысып келемін, енді оны сіздермен бірге жасағым келеді. Қалай істеуім керек?

Армандап қана қоймай, оны жүзеге де асыратындар клубына қош келдіңіз!

Веб-сайттың басты бетіндегі байланыс формасы арқылы бізге жазыңыз. Ормандарды қалпына келтіру бойынша не істеп жатқаныңыз туралы айтып беріңіз, кейбір фотосуреттерді, анықтамаларды немесе басқа да тиісті материалдарды қосыңыз. Біз сізбен байланысып, бірге не істей алатынымызды қуана талқылаумыз!

Қазір жазылыңыз да, айына бір рет жобамыз, Қазақстандағы ормандар мен экология туралы қуанышты жаңалықтарды алыңыз